Адам өлтіргені үшін сотталған адам Павлодар облысының балабақшаларының бірінде жұмыс істейді

Сурет: pexels
Железин ауданында прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызметін жүзеге асыру фактілері анықталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2024 жылдың 15 сәуірінде облыстық прокуратурада мәлімдеді.

"Мысалы, балабақшалардың бірінде адам өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген. Бірнеше білім беру мекемелерінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды, бұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған.",-делінген ведомства ақпаратында.

Железин ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралармен жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылды, ал олардың басшылары тәртіптік жазаға тартылды.

"Жалпы, 500-ден астам кәмелетке толмағандардың құқықтары қорғалды." Павлодар облысының прокуратурасы
Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған