Қазақстанда ауқымды су тасқынынан кейін 57 жаңа су қоймасы салынады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрлігі су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының ережелерін қайта қарайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылғы 11 сәуірде ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі елді мекендерді су басудан қорғау және тасқын суларды жинау үшін 20 су қоймасын салу жұмыстарына кіріскені белгілі болды. Жаңа су қоймалары елдің 11 облысында салынады.

15 Сәуірде ведомства баспасөз қызметінің ақпаратынша, құжатқа су тасқынының алдын алу және олардан келтірілген залалды азайту бойынша кешенді шаралар қосылады. Жоба барысында осы саладағы озық елдердің – Қытай, Нидерланды және т.б. тәжірибелері ескерілетін болады.

"Тұжырымдамада көзделген 20 жаңа су қоймасын салу жөніндегі жоспар мен басқа да кешенді іс-шаралар өзгермейтінін атап өтемін. Құжаттың мүмкіндігін кеңейту және оған су тасқынының алдын алу іс-шараларын қосу үшін толықтыру қажет. Сонымен қатар, біздің министрлік әр өңірдің әкімдіктерімен 57 жаңа су қоймасын салуды көздейтін кешенді жоспар әзірледі", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Қазақстан Үкіметі 2024 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекітті. Бірақ наурыз айының соңында елдің бірнеше аймақтарында соңғы 80 жылдағы ең ауқымды су тасқыны орын алды.

Алайда, 1 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың Үкімет бекіткен тұжырымдамасын сынға алды. Президенттің пікірінше, оны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары су тасқынынан болатын залалдың алдын алу және азайту мәселесін кешенді шешуге мүмкіндік бермейтін, декларативтік сипатта.

Мемлекет басшысы, тұжырымдаманың ережесін қайта қарау тапсырды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: