Қазақстан мен Таиланд тұрақты визасыз келісімге қол қойды

Сурет: freepik
Қазақстан мен Таиланд арасындағы визасыз режим туралы келісімге бүгін, 2024 жылғы 23 сәуірде Бангкокта ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Таиландқа ресми сапары барысында қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа Қазақстан мен Таиланд СІМ басшылары Мұрат Нұртілеу мен Панпри Пхиттханукон қол қойды.

Келісім визалық талаптардан 30 күнге дейінгі кезеңге, әр кезең ішінде 180 күнтізбелік күн ішінде жиынтық 90 күнтізбелік күнге босатуды көздейді. Құжат мемлекетішілік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді", - деп мәлімдеді ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2024 жылғы 22 сәуірде Үкімет 2024 жылғы 18 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы" қаулы қабылдаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады