Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендер төлемсіз демалыс ала алады

Сурет: pexels
Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде Еңбек кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, жұмыс берушілер тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен қызметкерге төлемсіз демалыс беруге міндетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Жұмыс беруші қызметкерге тұрмыстық зорлық – зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болған кезеңде жалақысы сақталмайтын, бірақ күнтізбелік отыз күннен аспайтын демалыс беруге міндетті", - делінген түзетуде.

Жалақысы сақталмайтын демалыс қызметкердің жазбаша хабарламасы негізінде оның ұзақтығы көрсетіле отырып және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шарттың көшірмесі ұсыныла отырып беріледі.

Сондай-ақ, кодекске Ұжымдық шарттың мазмұны мен құрылымына қатысты толықтыру енгізілді.

Атап айтқанда, ұжымдық шартқа үш жасқа дейінгі баласы (балалары) бар ата-аналарға және өзге де заңды өкілдерге, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасының науқас мүшесін күтуді жүзеге асыратын қызметкерлерге кепілдіктер мен жеңілдіктер туралы жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелері енгізілуі мүмкін.

Түзетулер 2024 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда