24 сәуірдегі түскі саудада доллар аздап арзандады

Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,37 теңгеге төмендеп, 443,85 теңгеге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да арзандап, 61,12 теңгені (-0,18) құрады.

Ұлттық банк еуроның бағамын 473,33 теңге, рубльді 4,76 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 443,9-445,5 теңгеге, еуро 473,5-477,5 теңгеге, ресей рублі 4,71-4,81 теңгеге сатылуда.

Ал 24 сәуірдегі сауда барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,11%-ға арзандап, барреліне 88,32 құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының маусымдағы фьючерстері 0,16%-ға төмендеп, барреліне 83,23 долларды құрады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: