Тоқаев адам құқықтары жөніндегі комиссияның жұмыс тәртібі мен құрамына өзгерістер енгізді

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" жарлыққа өзгерістер енгізген 2024 жылғы 22 сәуірдегі жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, комиссия туралы ережеге түзетулер енгізілді.

Мәселен, комиссияның құрамын ҚР Президенті ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі Президент көмекшісінің ұсынысы бойынша бекітеді және төрағадан, екі орынбасардан, хатшыдан және комиссия мүшелерінен тұрады.

Комиссия төрағасы, төрағаның орынбасарлары және мүшелері оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.

Комиссия төрағасы оның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, орынбасарларына, хатшысына және Комиссия мүшелеріне тапсырмалар береді, оның отырыстарының күн тәртібін айқындайды, Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына қол қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады, ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісімен келісім бойынша ҚР Президентіне ішкі саясат мәселелері бойынша ұсыныстар енгізеді.

Комиссия төрағасы болмаған кезде қызметтік құжаттарға, ұсынымдар мен қорытындыларға оның орынбасарларының бірі қол қояды.

Комиссия төрағасы мен оның орынбасарлары болмаған кезде Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.

Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады. Комиссия отырыстары, егер оған мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, заңды болып саналады.

Комиссия төрағасы болмаған жағдайда оның отырыстарында орынбасарларының бірі төрағалық етеді.

Сонымен қатар, комиссия құрамына кіреді:

Жарлық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: