"Зорланған қыз жүкті". Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді

Сурет: pixabay
Әлеуметтік желілерде Төлебиде 9-сынып оқушысын бір емес, бірнеше жігіт зорлағаны және жәбірленуші жүкті екендігі туралы ақпарат тарады. Түркістан облыстық Полиция департаментінің бастығы бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Әлеуметтік желілерде Төлеби ауданы Зағамбар ауылында болған оқиға туралы жалған ақпарат таралуда. 24 сәуірде кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Сараптама тағайындалды және қылмыстық іс сотқа жолданады. 25 сәуірде полицияға бөтеннің мүлкін өртеу туралы хабарламалар түсті. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ", - деді Мұрат Қабденов.

Бөтеннің мүлкін өртеу фактісіне қатысқандардың барлығы анықталып, қамауға алынған. Тергеу жалғасып жатыр.

"Қазіргі уақытта Зағамбар ауылында жағдай тұрақты. Облыс әкімі және барлық мемлекеттік органдар басшыларының төрағалығымен ауыл тұрғындарына жиын өткізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілд. Заң шеңберінде шешім қабылданатыны ескертілді. Интернет желісінде таралған, яғни "Бірнеше оқушы ұсталды, жәбірленуші жүкті және бірқатар жігіттер зорлады" деген ақпараттар шындыққа жанаспайды", - деді облыстың бас полицейі.

Мұрат Қабденов қазіргі таңда жалған ақпарат таратқан бірқатар авторлар анықталғанын, оларға қатысты әкімшілік және қылмыстық шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз