Өңірлердегі су тасқыны: 37 мыңнан астам адам үйіне оралды

Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 11:00-дегі ақпаратты жариялады. Республика бойынша 37 324 адам өз үйіне оралды. 6 817 адам эвакуациялау пункттерінде, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. Су тасқыны бастағалы бері 12,6 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

"Солтүстік Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында 6 379 тұрғын үй мен 2 794 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Республика бойынша 37 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 6 мыңнан астам адам эвакуациялау пункттерінде орналасқан", - деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингіде.

Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 21 мыңнан астам адам, 2 мыңнан астам түрлі техника, 615 су сору және жүзу құралы, 8 әуе кемесі жұмылдырылды. Су тасқыны басталғалы бері 12 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін