Қазақстанда Ұлттық гидрогеологиялық қызмет құрылды

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қазақстанда "Қазгидрогеология" ұлттық гидрогеологиялық қызметі құрылды. Үкіметтің тиісті қаулысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа қызмет жер асты суларының кен орындары мен учаскелеріне, сондай-ақ су жинағыш гидрогеологиялық ұңғымаларына толық түгендеу жүргізеді деп жоспарлануда. Соның нәтижесінде пайдалану қорлары мемлекеттік балансқа енгізілген 4300-ден астам зерттелген жер асты суларының кен орындары мен учаскелерін қамтитын ауқымды деректер базасы құрылуға тиіс.

Сонымен қатар «Қазгидрогеология» жер асты сулары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізе отырып, гидрогеологиялық саланы кешенді цифрландырумен айналысады.

Жаңа қызмет аясында Қазақстанның су тапшылығы бар өңірлерінде жер асты су ресурстарының көлемін ұлғайту үшін іздестіру-барлау жұмыстарын жүзеге асыру көзделген. Сонымен қатар халықты және экономика салаларын жер асты суымен, оның ішінде суару мақсаттары үшін қамтамасыз ету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізілетін болады.

Жер асты суларын іздестіру, барлау және гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау қызметін лицензиялау, сондай-ақ жылу энергетикасы, жылыжай және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін жер асты суларының геотермалдық ресурстарын (баламалы энергия көзі) пайдалану бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізу жоспарлары да бар.

Белгіленген шаралар су шаруашылығы саласындағы басқару міндеттерін барлық деңгейде тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды