Бағдат Мусин отставкасы туралы: 3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды

Сурет: instagram.com/bagdatmussin
Цифрлық даму министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. Ол мұны Instagram-дағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Менің отставкаға кеткенім туралы соңғы жаңалықты естіген шығарсыздар. Бірінші кезекте еліміздегі маңызды саланың бірі - цифрландыру саласын басқаруды сеніп тапсырған және мүмкіндік берген Мемлекет басшысына алғыс айтқым келеді. 3 жыл ішінде көп нәрсе жасалды және әлі де жасала бермек", - деп жазды ол.

Экс-министрдің сөзінше, Бүгінгі таңда Қазақстан әлемдегі ең дамыған цифрлы елдердің бірі деп айтуға негіз көп.

"Бұл алдымен кәсіби мамандар жиналған үлкен команданың еңбегі, біз олармен бірге өсіп, қатар келген қиындықтарды да, үлкен жеңістерді де бірге бөлістік. Цифрлы сервистерді енгізу үдерістеріне және Цифрлы даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің дамуына қолдау көрсеткен, сенім білдірген және қатысқан әрқайсыңызға ризамын. Мен қарапайым қазақстандықтардың өмірін жеңілдеткен және ыңғайлы еткен жетістіктерімізді мақтан тұтамын, бұл әрине - цифрлы мемлекеттік қызметтер", - деді Мусин.

Мусин сонымен қатар қазақстандық прогрессивті цифрлы өнімдеріміз халықаралық деңгейде атап өтілгенін және елімізді әлемдік цифрлы көшбасшылар қатарынан көрінуге мүмкіндік бергенін де атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді