"Өнегелі ұрпақ" апталығы: Шымкентте жастар музей маңын тазалап, пайдалы ақпарат та алды

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында "Өнегелі ұрпақ" апталығы өтіп жатыр. Бұл апталықта түрлі атаулармен іс-шаралар ұйымдастырылып, апталықтың маңыздылығын аша түскендей. Сондай іс-шараның бірі - "Ұрпағыңа қалдырған өнегең мол" атаумен өтіп жатыр.

Осы атаумен өткізіліп жатқан іс-шара бойынша Д.Қонаев музейінің ауласында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға қаланың белсенді жастары, студенттер және Тұран ауданының тұрғындары атсалысып, 80-ге жуық астам адам қатысты. Қала жастары музей аумағын қоқыстан тазартып, шөптерін орумен, мұражай ішінде шаң-тозаңды сүртіп, тазалық жұмыстарын жүргізумен айналысты.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Жастар тек қана тазалық жұмыстарын жүргізіп қойған жоқ, сонымен бірге Д.Қонаевтың өмірі мен қызметі жайлы пайдалы ақпараттар да алды.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Іс-шараға белгілі қоғам қайраткерлері Шәріпбек Жамалбек, Пернеев Ерназар және басқа да азаматтар қатысып, өз үлестерін қосты. Жастарға ақыл-өсиетін айтып, бағыт-бағдар берді.

Сурет: Шымкент әкімдігінің баспасөз қызметі

Ал "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Бекзат Төлебай іс-шара мен оның маңыздылығына тоқталып, жастарға берер тәлім-тәрбиесін ерекше атап өтті.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз