Пойыз ішінде ойына келгенін істегенін атыраулық тұрғын сотталды

Сурет: pixabay
Жолаушылар пойызында қоғамдық тәртіпті бұзған азамат жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр қарашада Қандыағаш станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызынан 29 жастағы Атырау облысының тұрғынын түсіріп алған болатын. Ол жол жүру барысында мас күйде болып, жолаушылардың тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті бұзған. Мән-жайды анықтау үшін полиция бөлмесіне жеткізу кезінде құқық бұзушы өзін өте дөрекі ұстап, себепсіз билік өкілдеріне балағат сөздер айтқан. Сонымен қатар заңды талаптарға бағынбай, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған. Ұсталған адам бұған дейін есірткі затын сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.

Аталған азаматқа қатысты билік өкілін қорлау және билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық сотының үкімімен ер адам аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін