Алматыда Белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 7 мамырда сағат 9:00-де Алматы қаласының орталық зиратында Жеңіс күнінің 79 жылдығы қарсаңында Белгісіз солдаттың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсіміне ҰОС ардагері Илья Кудин, әскери іс-қимылдар ардагері Амангелді Түсеев, Жетісу ауданының әкімі Гүлнара Көкөбаева, тыл ардагерлері, шекара әскерлерінің, Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілері, Жетісу ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы және аудандық мекемелердің басшылары қатысты.

Сурет: Zakon.kz


Сурет: Zakon.kz


Сурет: Zakon.kz


Сурет: Zakon.kz


Сурет: Zakon.kz

Аудан әкімі Илья Григорьевич Кудинге Мемлекет басшысы, Алматы қаласының әкімі, ҚР Қорғаныс министрінің құттықтау хаттарын табыс етті. Сондай-ақ естелік сыйлықтар берілді.


2024 жылғы 5 мамырда ҰОС ардагерлеріне біржолғы әлеуметтік көмек ақша төленді. Қазақстан ардагерлері ТМД-да ең жоғары төлем алады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін