Ақтүтек боранда жол көрсету үшін 18 шақырым жаяу жүгірген ақтөбелік құтқарушы марапатталды

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпан айында боранда науқас әйелді ауруханаға шұғыл жеткізу үшін көлік алдына түсіп алып, басқа құтқарушылармен бірге кезек-кезек жаяу жүгіріп, 18 шақырымды артқа тастаған Нұрболат Тәжіғұлов Рақымжан Қошқарбаев атындағы "Айбын" ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгіндері Мұғалжар ауданында құтқарушы болып жұмыс істейтін ол кезде айналаның көріну деңгейі нөл болғанын айтады. Сол ақпан айында оларға Басшилі ауылында егде әйелге медициналық көмек қажет екендігі, оны шұғыл аудандық ауруханаға жеткізу қажеттігі туралы хабарлама түскен. Қолайсыз ауа-райына байланысты төрт құтқарушы шана мобильмен жолға шығады, деп жазады Диапазон басылымы.

"Қар жауып, ақтүтек боран борап тұрды. Айнала, жол көрінбейді, шана мобильдің жолдан шығып кету қаупі бар. Сондықтан біз кезек-кезек сыртқы шығып, "Трэколдың" алдына түсіп алып жүгірдік, жүргізушіге жол көрсеттік, осылайша ауылдың өзіне дейін 18 шақырым жүрдік. Кері қарай да дәл солай жасадық. Боран тек түнде ғана сейілді, - деп еске алады Нұрболат Тәжіғұлов.

Ол өңіріндегі орден өзінің ғана емес, әріптестеріне де тиесілі екенін айтады. 

28 жастағы Нұрболат 8 жыл қызметі барысында қанша адамды құтқарғаны есінде жоқ екенін айтады. Ол Қандыағашта туып-өскен. Бала кезінен нағыз ер адамның мамандығы туралы армандаған, сондықтан әскерден келгеннен кейін ТЖД-ға келіп жұмысқа орналасқан, ЖОО-ны сырттай бітірген.

"Отбасында төртеуміз, әпкем және екі ағам бар. Ал өзім әлі үйленген жоқпын. Марапаттау рәсіміне бардым, Астанаға алғаш рет бардым, - деп күледі Ақтөбе облыстық ТЖД-ның бөлім командирі Нұрболат.
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты