"Нөсер жаңбыр, бұршақ, найзағай". Еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz/Мұхит Тұрсынәлі
"Қазгидромет" РМК еліміз бойынша 8 мамырға арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, елімізде найзағай ойнап, бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, тұман болады деп күтіледі. 

"Оңтүстік циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты ҚР басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады, арасында бұршақ түседі деп болжанады. Республикамыздың солтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша желдің екпін алу сипаты тән, батыста, оңтүстікте қатты жел соғады, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтіледі". "Қазгидромет" РМК

Түнде Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының шығысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде сынап бағаны 1-2 градус суықты көрсетеді, топырақ беті қатып, үсік жүреді деп болжанады.  

Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, Қызылорда, Түркістан облыстарының батысында, Абай облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі