Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр

Сурет: pixabay
Бүгін, 12 мамырда Қазақстанда Аналар күні тойланып жатыр. Бұл мереке мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ана – әр адамның өміріндегі басты тұлға, көбінесе баланың тілі шыға салысымен айтатын ең алғашқы сөзі. 

Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде анаға құрмет көрсетіп, оның мейірімі мен қамқорлығы үшін алғыс айту мақсатында атап өтілетін маңызды мереке.

Zakon.kz анаңызды мерекемен құттықтап, құшақтап алуға кеңес береді.

2024 жылы бұл мереке Қазақстанда 12 мамырда алғаш рет атап өтіліп жатыр. Бұл күн 2023 жылғы жазда бекітілді. Бұған дейін Аналар күні қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойланушы еді.

Мереке мамыр айының екінші жексенбісінде әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Аустралия бар. Ал бұлардан бөлек елдер бұл мерекені басқа күні атап өтеді. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды