Түзетулер әйелдердің қыс мезгілінде кедендік бақылауды жүзеге асыратынын ескере отырып, "шалбар" киім элементін әйелдердің күнделікті нысанды киіміне енгізуге қатысты.
Осылайша, әйелдер формасының жиынтығына мыналар кіреді:
- сұр түсті берет;
- қою көк түсті пиджак;
- сұр түсті белдемше;
- жеңі ұзын ақ түсті жейде;
- жеңі қысқа ақ түсті көйлек;
- көгілдір-сұр жолақты көк түсті галстук;
- қою көк түсті тері күрте;
- қою көк түсті теріден жасалған құлақшын;
- сұр түсті кашне;
- қара түсті жылы етік;
- қара түсті туфли;
- сұр түсті шалбар.
Сурет: ҚР ҚМ
Сондай-ақ, ерлер мен әйелдерге арналған май және су сіңдірмейтін және жарыққа шағылысатын элементтері бар сары түсті мақта матадан жасалған сигналдық кеудеше әзірленді.
Сурет: ҚР ҚМ
Бұл ретте көлік құралдарын тоқтатқан және кедендік операцияларды және кедендік бақылауды кедендік бақылау аймағынан тыс жүзеге асырған кезде, сондай-ақ нашар көріну (тұман, жаңбыр) жағдайында және тәуліктің қараңғы уақытында (ымырт, түн) кедендік операцияларды және кедендік бақылауды мемлекеттік кірістер органдарының үй-жайынан тыс жүзеге асырған кезде мемлекеттік кірістер органы жұмыскерлерінің кеудешені киюі міндетті.
Бұдан басқа, нысанды киім киюге құқығы бар мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тізбесі кеңейтілді, оларға:
- Кеден саласындағы уәкілетті органның басшысы.
- Кеден саласындағы уәкілетті орган басшысының орынбасары.
- Кеден саласындағы уәкілетті органдағы бөлімше басшысы.
- Кеден саласындағы уәкілетті органдағы бөлімше басшысының орынбасары.
- Кеден саласындағы уәкілетті органның бас сарапшысы.
- Кеден саласындағы уәкілетті органның сарапшысы.
- Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының басшысы.
- Аумақтық мемлекеттік кірістер органының облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша орынбасары.
- Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органындағы бөлімшенің басшысы.
- Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының бас маманы.
- Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органының жетекші маманы.
- Кеден басшысы.
- Кеден басшысының орынбасары.
- Кеден басқармасының басшысы.
- Кеден бөлімінің басшысы.
- Кеденнің бас маманы.
- Кеденнің жетекші маманы.
- Кеден бекетінің басшысы.
- Кеден бекеті басшысының орынбасары.
- Кеден бекетінің бас маманы.
- Кеден бекетінің жетекші маманы.
Бұған дейін тізімге тек 10 формалы киім киюге құқығы бар мамандар кірді.
Құжат 29 мамырға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.