Президент Тоқаевтың тиісті жарлығы Ақорданың сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі лауазымынан босатылды", - делінген құжатта.
Ақан Рахметуллин 1967 жылы 2 ақпанда Алматыда туған.
1991 жылы Алматы энергетикалық институтын, 1999 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын (үздік) бітірген.
1993-1994 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Консулдық басқармасының референті, атташесі;
1994-1996 ж.ж. – Қазақстанның Пәкістандағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы;
1996-1999 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Бас консулдық басқармасының үшінші, екінші хатшысы;
1999-2002 ж.ж. – Алматы қ. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің екінші, бірінші хатшысы, кеңесшісі;
2002-2004 ж.ж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы;
2004-2007 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық гуманитарлық-экономикалық ынтымақтастық департаментінің кеңесшісі, директордың орынбасары;
2007-2011 ж.ж. – Вена қ. Қазақстанның ЕҚЫҰ жанындағы кеңесші-уәкілі, Тұрақты өкілінің орынбасары;
2011-2015 ж.ж. – Нью-Йорк қ. БҰҰ жанындағы Қазақстанның Тұрақты өкілінің орынбасары;
2015-2019 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры;
2019-2021 ж.ж. – Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;
2021-2022 ж.ж. — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;
2022 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.
І сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.
"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.
Үйленген, төрт баласы бар.