Шымкентте бейтаныс әйелді теуіп, соққыға жыққан ер адамға қатысты үкім өзгеріссіз қалды

Сурет: instagram.com/laurenty_ospanova
Шымкентте дүкен алдында тұрған бейтаныс әйелді бір теуіп, кейін бетінен жұдырықпен ұрған ер адамға қатысты шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталушыға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады. Бұған дейін бірінші сатыдағы соттың үкімімен ер адам бұзақылық жасағаны үшін Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған болатын.

Жоғарғы сот мәліметінше, апелляциядағы іс жәбірленуші тараптың жазаны нақты бас бостандығынан айыруға өзгертуді сұраған шағымы бойынша қаралды. Мемлекеттік айыптаушы мен сотталушы үкімді өзгеріссіз қалдыруды сұрады.


"Аталған қылмыс ауыр емес санатқа жатады. Сотталғанның 3-ші топтағы мүгедектігі бар екені анықталды. Ол шын жүректен өкініп, кінәсін мойындап отыр, бұрын сотталмаған және қылмыстық жауаптылыққа тартылмаған. Осыған байланысты сот алқасы бас бостандығын шектеу сотталғанның түзелуі үшін қажетті және жеткілікті жаза деп санады", - делінген сот мәліметінде.

Оқиға биыл 13 ақпанда болған. Ер кісі Қызылорда облысының 50 жастағы тумасы, 3-топ мүгедегі. Сот отырысында ол бейтаныс әйелді не үшін соққыға жыққанын түсіндіріп бере алмаған. Оқиға кезінде масаң күйде болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда алғашқы қар жауып, күн -4°C-қа дейін суытады

21 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Қалың қар жауып, бұрқасын жүреді". Еліміз бойынша 22 қазанға арналған ауа райы болжамы

2027 жылдан бастап АӘК беру мөлшері мен шарттары бекітілді

"Қыстың жақындағаны сезіледі": Қазақстанда ауа температурасы -10°C-қа дейін төмендейді