Милад Карими Азия чемпионатында тарихи медаль жеңіп алды

Сурет: olympic.kz
Спорттық гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Милад Карими күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Карими көпсайыстан 84.632 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орынға табан тіреді. Алтын медальді әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері, филиппиндік Карлос Юло еншіледі. Өзбекстандық Абдулла Азимов 82.431 ұпаймен турнирдің қола медалін иеленіп қана қоймай, Париж Олимпиадасына жолдама алды. 

Карими де, Юло да жолдама мәселесін шешіп қойғандықтан, квота өзбек гимнастына беріледі. Қазақстандық Дмитрий Патанин 79.598 ұпаймен көпсайыста жүлдеге іліге алмай, тиісінше, Олимпиадаға іріктеуден өткен жоқ. 

Еске сала кетейік, Милад Карими Азия чемпионатында көпсайыстан күміс медаль алу арқылы тарихи жетістікті тіркеп отыр. Бұған дейін отандық гимнастар жекелеген снарядтарда жүлде алғаныман, құрлық додасында көпсайыс қорытындысы бойынша тұғырға шықпаған. 

Ташкенттегі Азия біріншілігінде Париж Олимпиадасының жолдамасын алған Нариман Курбанов та бақ сынайды. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды