Түркістан облысында жер алып беремін деп 3 млн теңгені қалтасына басқан күдікті анықталды

Сурет: pixabay
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, тұрғынға жер алып беремін деп алаяқтық қылмысын жасаған 32 жастағы күдіктіні анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай күдікті ер адам бейтаныс әйелдің үй салу үшін жер іздеп жүргенін біліп, қосымша ақша тапқысы келген. Содан ол жәбірленушіге арзан бағада жер сатамын деп сендірген. Ал жәбірленуші бірден келісіп, ер адамға алдын ала 3,3 миллион теңге берген.

Күдікті қаражатты алғаннан кейін қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, істің мән-жайы анықталып жатыр.

Түркістан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз