Ақмола полицейлері үйінен кетіп қалған жасөспірімді іздеп тапты

Сурет: polisia.kz
20 мамырда Целиноград АПБ кезекші бөліміне кәмелетке толмаған қыздың жоғалғаны туралы аудан тұрғыны арызданды. Әйел 19 мамырда таңғы сағат 10:00 шамасында оның 15 жастағы қызы жанжалдан кейін үйден кетіп, оралмағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзі іздеп таба алмағандықтан, полицияға жүгінуді жөн көрген. 15 жастағы ақмолалықтың жоғалып кету фактісі бойынша полиция бөлімінің қызметкерлері дереу іске кірісіп, оның орналасқан жерін анықтау бойынша алғашқы іздестіру іс-шараларын жүргізді. Кезекші тәулік ішінде жоғалған қыз Талапкер ауылының бір көшесінен табылды.

Кәмелетке толмағанға қатысты үйден тыс уақытта ешқандай заңсыз әрекеттер жасалмағаны анықталды. Жасөспіріммен және оның анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек