Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Сурет: pexels
Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бүгін кәмелетке толмаған баланы зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушының кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамасының қорытындыларымен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді

Іс бойынша мемлекеттік айыптаушы 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мен жәбірленушінің өзі мемлекеттік айыптаушыны толық қолдады.

"Айыпталушы кінәсін мойындамады, жәбірленушінің кәмелетке толмаған жасы туралы білмегенін, жыныстық қатынас өзара келісім бойынша жасалғанын айтты", - деп хабарлады сот

Қылмыс аса ауыр қылмыстар санатына жатады және 15 жылдан 17 жылға дейін тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. 

"Сот ер адамның жағымды мінездемесін және бұрын соттылығының болмағанын, қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жай ретінде масаң күйде қылмыс жасау фактісін ескерді. Осыған байланысты айыпталушыға қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деп хабарлады сот.

Сондай-ақ ол өмір бойына педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты