Тоқаев Финляндия президентімен телефон арқылы сөйлесті

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Финляндия президенті Александр Стуббпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Финляндия тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтуға баса мән бере отырып, қазақ-фин байланыстарын барлық бағыт бойынша одан әрі қарқынды дамытуға өзара мүдделі екенін білдірді.

Тараптар көпжақты ұйымдар аясындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Мемлекет басшысы Финляндияның 2025 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық қызметіне табыс тілеп, Қазақстанның конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды