Биыл Ұлытау облысында 12 нәресте шетінеген

Ұлытау облысында жыл басынан бері жаңа туған 12 нәресте шетінеген. Мамандардың айтуынша, бала өлімінің көбеюіне созылмалы аурудың асқынып, дәрігер көмегіне кеш жүгінуі себеп екен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, облыста жаңадан құрылған "Ана мен бала" орталығына мамандар жетіспейді. 

Атап айтсақ, неантолог, акушер-гинеколог, реаниматолог, нефролог пен кардиологтар жоқтың қасы. Шала туған нәрестені бағып-қағатын мамандар мен қатар жаңа заманға сай құрылғылар да жетіспейді.

Жансақтау бөлімдерінде әлсіз туған баланың бетін бері қарату да қиын. Өйткені арнайы медициналық құрылғылар тапшы.

Өңірде клиникалық балалар ауруханасын салу мәселесі де күн тәртібінде тұр. Былтыр бұл уақытта 19 бала өлген. Ал перзентханада аман-есен босанғанымен, баласыз шыққан аналардан полицияға арыздар түсіп жатыр. Бәрі де дәрігерлердің салғырттығына наразы. Әзірше үш қылмыстық іс қозғалып, тексеріс басталды.

"50%-ы өкпе қабынуынан, пневмониядан қайтыс болған. 33%-ы перинаталдық кезеңдегі нәрестелер және 17%-ы жүректің тума ақауынан пайда болған өлім деп есептеліп отыр. Науқастардың өліміне әртүрлі фактор әсер етеді. Біріншіден, науқастардың ауырлығына байланысты, екіншіден, дәрігерлердің жіберген қателігіне де байланысты".Ұлытау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсембаев
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: