Тойдан қайтып келе жатқан: 5 адамның өліміне себеп болған жол апатына қатысты сот аяқталды

Сурет: Zakon.kz
Бес адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот процесі аяқталды. Жантүршігерлік жол апатына 60 жастағы шымкенттік кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға былтыр 12 тамызға қараған түні Алматы - Ташкент тасжолында болған. Ресми дерек бойынша, 60 жастағы жүргізуші Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусымен 17 адамды Шымкенттен Жамбыл облысына тойға апарған.

Түнде тойдан қайтып келе жатқанда автобус жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кеткен. Осылайша, өз жолымен келе жатқан Hyundai Elantra көлігіне соғылған. Ал автобустағы куәгерлер жүргізушінің жолда ұйықтап кеткенін айтқан.

"Түлкібас аудандық сотының үкімімен Оразәлі Манапов Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оны 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырып, оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жаза өтеу орны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде белгіленген".Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды