Марқұм Аружан Орынбай былтыр сәуір айында үйінің артынан өлі күйінде табылған еді. Ал оны өлтірді деп, сол ауылдағы жоғары сыныпта оқитын екі ер бала күдікке ілінген. Бір жылға жалғасқан сот нәтижесінде олар 3 жылдан 16 жылға дейін сотталды, деп хабарлады otyrar.kz.
Күдіктінің бірі қызды үйінен шақырса, екіншісі оны өлтірді деп жауапқа тартылды. Олардың бірі үш жылға, екіншісі 16 жылға сотталды.
"Ол жерде Аружанның өліміне мүлдем қатысым жоқ. Мына баланың айтып отырғанының бәрі жалған. Пышақты тығып алатын болсам мынаған бермеймін ғой. Апарып, өзім-ақ құрта салмаймын ба оны лақтырып". Сотталушы Бейбарыс Берік
Апелляциялық сот үкімі алқабилер қатысуымен шықты. Бұған дейін Бейбарыс 16 жылға сотталса, Тасқын бас бостандығынан шектеу жазасымен құтылған еді. Қос тарап та сотты қайта қарауды сұрап, апелляциялық сот төрт айға созылды.
"Үш жыл дұрыс деп ойлаймын. Ал мына балаға 16 жыл бергені дұрыс болды. Кешірім сұраған жоқ ешқандай, мойындаған жоқ, бірақ экспертиза барлығы дәлелденіп тұр. Мойындап келіп, ақыр соңында мойындамады". Марқұмның анасы Динара Зілғараева
"Қарсымын дедім ғой, қарсымын. Апеляцияға беремін. Менің баламның ешқандай кінәсі жоқ", - дейді сотталушының анасы.
Еске салайық, жантүршігерлік оқиға былтып Түркістан облысының Төрткүл ауылында болған еді. 9-сынып оқушысы өлі күйінде үйінің артындағы арықтан табылды. Екі жерінен пышақталған қыздың денесі су астында 7 сағат бойы жатқан.