2024 жылдың басынан бері қанша этникалық қазақтар қандас мәртебесін алды

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 5 926 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 134,3 мың этникалық қазақ оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі (50,3%) Қытайдан, 33,4% – Өзбекстаннан, 6,4% – Түрікменстаннан, 5,2% – Моңғолиядан, 3,4% – Ресейден және 1,3% басқа елдерден келген.

Осы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,9%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,6%-ды және зейнеткерлер 9,5%-ды құрайды.

"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17%-ы жоғары білімді, 22,6%-ы орта кәсіби білімді, 55,1%-ы жалпы орта білімді, және 5,3%-ының білімі жоқ". Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды.

Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды:

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 2 433 адамды құрайды. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 1453 қандас қоныс аударды.

"Жоғарыда аталған өңірлерде қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде көмек берілді".Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Сонымен қатар, жыл басынан бері 1246 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 401 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: