Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары аяқталды

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барды.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысты.

Мемлекет басшысы "Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету" атты тақырыпта дәріс оқыды.

Тоқаев Қазақстан-Сингапур ректорларының "Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы" атты форумына қатысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты