Алматыда қаралы қауым Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылы 26 мамырда аса көрнекті ғалым, Қазақ тағамтану академиясының президенті, Қазақстанның Еңбек Ері Төрегелді Шармановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы жиында академик қазасына байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтын жолдаған көңіл айту жеделхатын ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов оқыды, деп хабарлайды Astana.tv.

Көңіл айту хатында Төрегелді Шарманұлы саналы ғұмырын ұлт денсаулығына арнаған бірегей тұлға, биік парасат иесі болғаны атап өтілген.

"Сондай ақ, қазақ тағамтану ғылымының көкжиегін кеңейтіп, дүниежүзі ұйымы ЮНИСЕФ және басқа да халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық байланыс орната білді", делінген мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

Қаралы жиынға Үкімет мүшелері, қала әкімі, Парламент депу­таттары мен қоғам қайраткерлері, Төрегелді Шармановтың туған-туыстары қатысты. Жиналған жұрт 94 жасқа қараған шағында өмірден озған академиктің саналы ғұмырында ел дамуына қосқан үлесін, қайраткерлік қыры, кәсіби білігі, азаматтық келбетін еске алып, жақын-жуығына көңіл айтты.

Төрегелді Шарманов Кеңсай зиратына жерленді.

Айта кетсек, медицина ғылымдарының докторы, профессор, гигиенист-нутрициолог ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик Төрегелді Шарманов 94 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстандағы ең үлкен 5 көл туралы білеміз бе

Салықтық шығындар туралы талдамалық есеп қалыптастыру қағидалары бекітілді