Жаңа заң бойынша, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, діни білім беру саласында білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бекітеді.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті діни білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің аумақтық департаменттері бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, жалпы орта білім беру, мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім беру, сондай-ақ мамандықтар топтары бойынша әскери, арнайы оқу орындары, мамандықтар бойынша орта білімнен кейінгі білім беру бойынша білім беру саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарлар болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі:
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті және құжаттарды жолдайды.
Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті (сұранысты) қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкеріне орындауға береді.
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, медициналық қызметке лицензия туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, ол көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде:
Комитетте:
- Жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың сәйкестігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкері екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылығын ұсынады немесе айтады.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Департаменттерде:
- жауапты қызметкер құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына сәйкестігін, көрсетілетін қызметті алушыға бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны комиссияның қарауына ұсынады. Комиссия туралы ереже мен құрамы Департамент директорының бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия сараптама қорытындысын қарап, екі жұмыс күні ішінде шешім қабылдайды.
Комиссияның шешімі негізінде жауапты қызметкер екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберілетін электрондық шешімді – лицензияны және/немесе лицензияға қосымшаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қалыптастырады, ол көрсетілетін қызметті берушінің басшысына келісуге және тексеруге жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің басшысы шешімді тексереді және бір жұмыс күні ішінде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қояды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабарланған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.
Хабарлама (хабархат) тапсырыс хаттың табыс етілгендігі туралы хабарламамен тапсырыс хатпен, телефонограммамен немесе телеграммамен, ұялы байланыс абоненттік құрылғысы бойынша мәтіндік хабармен немесе электрондық мекенжай бойынша не хабархаттың немесе шақырудың тіркеліп-бекітілуін қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланылып жіберіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде лицензияны және/немесе оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Лицензияны немесе лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- жеке тұлға-лицензиаттың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) өзгерген;
- жеке кәсіпкер-лицензиат қайта тіркелген, оның атауы немесе заңды мекенжайы өзгерген;
- заңды тұлға-лицензиат "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тәртіпке сәйкес қайта ұйымдастырылған;
- заңды тұлға-лицензиаттың атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген ;
- егер нақты лицензияның иеліктен шығарылатындығы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының "объектілерге берілетін рұқсаттар" сыныбы бойынша берілген лицензия үшін немесе лицензияға қосымшалар үшін объектілерді көрсете отырып, объект нақты көшірілмей оның орналасқан жерінің мекенжайы өзгерген;
- Қазақстан Республикасының заңдарында қайта ресімдеу туралы талап болған жағдайларда қайта ресімделуге жатады.
Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеуге өтініш берген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде құжаттардың қайта ресімдеу талаптары мен негіздеріне сәйкестігін қарайды.
Тексеру қорытындысы бойынша көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері екі жұмыс күні ішінде лицензияны қайта ресімдейді не мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды дайындайды, оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы ЭЦҚ пайдалана отырып қол қояды және көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинетіне" жіберіледі.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (24 мамыр) 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.