Атырау облысында Бақсай көпірі арқылы өтетін уақытша айналма жол қолданысқа берілді

Сурет: видеодан алынды
28 мамырда Бақсай көпірі арқылы өтетін уақытша айналма жол қолданысқа берілді. Тасқын судың ағысын кедергісіз өткізу үшін көпірдің астына алты металл құбыры төселді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, "Лянкаран Иншаат" мердігерлік ұйымы мен "Ақжол құрылыс" ЖШС бірлескен жұмыстары нәтижесінде автокөліктің барлық түрлері үшін Бақсай көпірі бойында қозғалыс уақытша ашылды.

"28 мамырда кешкі сағат 20.30-да уақытша айналма жол қалпына келтірілді. Суды кедергісіз өткізу үшін, диаметрі 1000 мм болатын 6 металл құбыр төселді", - деді "Қазавтожол "ҰК" АҚ директоры Мұрат Мықтыбаев.

Еске сала кетейік, 2024 жылғы 26 мамырда таңғы сағат 4.20-да Бақсай каналындағы су деңгейінің көтерілуіне, сондай-ақ, Бақсай көпірі арқылы 646 км уақытша айналма жолда судың жайылу қаупіне байланысты, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жүк көлігі үшін қозғалысты уақытша жабу туралы шешім қабылдаған болатын

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты