Ел азаматтары Құрбан айтта неше күн демалады

Сурет: pixabay
Қасиетті Құрбан айт күні өткен жылдағыдай 2024 жылы да маусым айына келіп түсті. Қазақстан азаматтары осы мерекеде қандай күндері демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Құрбан айт Ораза мерекесінен 70 күн өткен соң пайғамбарымыз қастерлеген Ибраһимнің құрбандығын еске алу мақсатында атап өтіледі.

Күнтізбеге сәйкес, ағымдағы жылы мұсылман мерекесі дүйсенбі, 17 маусымға сәйкес келеді. Тиісінше, бұл күн демалыс күні болып табылады. Сонда ел азаматтары Құрбан айтта үш күн — 15, 16 және 17 маусымда демалады.

Еңбек кодексінің 84-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні демалыс болып жариялаған.

Бұл күні әрбір мұсылман Аллах разылығы үшін мүмкіндігі болса құрбандық шалып, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Алланың бұйыруы бойынша бірінші құрбандық Ибрагим пайғамбардың сүйікті баласы –  Исмайыл болуы керек болды. Не әкесі, не баласы оған қарсы болған жоқ. Аллаһ әкесі мен баласының өзіне берілгендігіне көз жеткізіп, оларды құрбандыққа шалған жұмақтан аспан түстес көк қошқарды түсіріп, оларға мейірім түсірді. Содан бері дәстүр жалғасын табуда. Оны орындау – әрбір мұсылманның міндеті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі