Тоқаев Италия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланы және Италия халқын осы елдің Ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады.

“Бүгінде Италия саяси-экономикалық іргесі берік, халқының әл-ауқаты жоғары және жаһандық саясатта беделі бекем әрі ықпалды мемлекет саналады. Бұл тұрғыда, еліңіз биыл «G7» дамыған елдер тобында белсенді жетекшілік етіп, жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті ілгерілетуге қомақты үлес қосып отыр. Қазақстан мен Италия арасында орнаған стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызға ие екенін атап өткім келеді. Ықпалдастығымыздың қарқынын нығайтып, әлеуеті мол серіктестігіміздің жаңа қырларын ашқан Римге ресми сапарымды ыстық ықыласпен еске аламын” - деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы қол жеткізген уағдаластықтарды белсенді іске асыру мақсатында бірлесе күш-жігер жұмсауға дайын екенін растады. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Серджо Маттарелланың жауапты қызметіне толағай табыс, достас Италия халқына бақ-береке тіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі