Алматыдағы көшелердің бірі қыркүйек айының ортасына дейін жабылады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
2024 жылғы 3 маусымнан 15 қыркүйекке дейін Алматы қаласы, Жетісу ауданы, Бродский көшесінің Казаков көшесінен автобус паркіне дейінгі (Бродский көшесі, 37Г) қиыс аралығы автокөлік қозғалысы үшін жабылады. Жолдың екі жағы да жабылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алматы жылу желілері" ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласында 1980 жылдан бастап пайдаланып келе жатқан ұзындығы 1,5 шақырымнан астам құбырлар ауыстырылады.

"Алматы қаласы, Жетісу ауданыда 2024 жылғы 3 маусымынан бастап 15 қыркүйегіне дейін Бродский көшесі бойынша Казаков көшесінен автобус паркіне дейін (Бродский көшесі, 37Г) автокөлік үшін жол қозғалысы жабылады. Жолдың екі жағы да жабылады. Уақытша шектеулер осы аталған көше сегментінде орналасқан жол қозғалыс бөлігінің астынан өтетін, 1980 жылдан бастап пайдалануға берілген ұзындығы 1502,5 метр құбырларды қайта құрылымдау учаскелерінде жоспарлы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін енгізіледі. Бұл құбыр 73 нысанды жылумен қамтамасыз етеді", делінген хабарламада.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды және көрсетілген учаскелерді айналып өту жолдарын алдын-ала қарастыруларыңызды сұралады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін