"Талдықорған – Өскемен" автожолының қайта жаңару жұмыстары қашан аяқталады

Сурет: Telegram/qazavtojol
"ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі 3 маусымда "Талдықорған – Өскемен" автожолының қайта жаңару жұмыстары қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның хабарлауынша, компания ұзындығы 768 шақырымды құрайтын "Талдықорған – Өскемен" автожолының қайта жаңару жұмыстарын жалғастырып жатыр. Бұл жолдың 58 шақырымы І-б санатына, ал 710 шақырымы ІІ санатқа жатады. Қазіргі таңда 748 шақырымға жаңа асфальтбетон жабыны төселді.

"2024 жылдың қорытындысы бойынша негізгі жолда қолайлы және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етіп, жобаны аяқтауды жоспарлануда.", – делінген хабарламада.

"ҚазАвтоЖол" аталмыш трасса республика бойынша 3 облысты қамтитынын атап өтті.

Жоба аясында 81 көпір мен жол өткелдерін, сондай-ақ 521 су өткізгіш құбырларын салу жоспарлануда. Сонымен қатар жоба аясында санитарлық-гигиеналық құрылғылары бар демалыс орындарын соғу қарастырылған.

Бұдан өзге, 2023 жылы Талдықорған қаласынан Абай облысына, Қаракөл ауылынан Аягөз және Өскемен қалаларына дейін қауіпсіз қозғалыс қамтамасыз етілді. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 87,3 шақырым (90 шақырымнан) айналма жолы алынып, 127 шақырымға төменгі қабат төселді.

2024 жылдың басынан бері 35 шақырым асфальтбетон жабыны төселді немесе 45 мың тонна асфальтбетон. Қазіргі таңда қуаттылығы 2,4 мың тонна/сағ-тан асатын 12 асфальтбетон зауыты және 2,3 мың тонна/сағ құрайтын 9 ұсақтап іріктейтін зауыт мобилизацияланып, 861 бірлік техника мен 1312 адам жұмылдырылды.

Мемлекет басшысы 31 мамырда еліміздегі ұңғыл-шұңғыл жолдар мәселесін көтеріп, оған не себеп екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Өлі адамнан ақша жасау". Экономист медицина саласындағы кезекті былықтың бетін ашты

Шакира концерт беру үшін Орталық Азияға алғаш рет ат басын тіреді

"Үсік жүріп, тұман түседі". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Балаларға бөлінетін төлемді таппай қалған кейбіреулер желіде дүрбелең туғызды. ҰАТ мәлімдеме жасады

Зейнетақы жинағын жеке басқарушы компанияға сеніп тапсыру: бұл ретте ел азаматтары не білуі керек