15 млрд текше метрге артық: Қазақстанның су қоймаларына 75 млрд текше метр су жиналды

Сурет: pxhere
2024 жылы 3 маусымда Су ресурстары және ирригациялар министрлігінің баспасөз қызметі еліміздің су қоймаларына 75 миллиард текше метр су жиналғанын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 15 миллиард текше метрге артық екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомствоның мәліметінше, сонымен қатар жиналған судың 12 миллиардтан астамы – тасқын суы.

Салыстыру үшін министрлік 2023 жылдың есебін алға тартты. Былтыр еліміздің ауылшаруашылығы саласына 14 млрд текше метр су жұмсалды. Ал, 2023 жылдың қорытындысы бойынша жалпы еліміздің қажеттілігі үшін жаратылған судың көлемі - 24,4 млрд текше метр.

Айта кетейік, Қазақстанның су қоймалары 89 млрд текше метр су жинай алады.

"Елімізде тасқын суын жинау жұмысы әлі жалғасып жатыр. Су тасқыны кезеңі басталғаннан бері Балқаш көліне 3,3 млрд текше метр, Каспий теңізіне шамамен 6 млрд текше метр су жіберілді", - деді Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!