"Найзағай ойнап, бұршақ түседі". Еліміз бойынша 6 маусымға арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Алдағы бейсенбі, 2024 жылдың 6 маусымында синоптиктер Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректеріне сүйенсек, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ҚР аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады деп күтіледі, күндіз батыс, солтүстік өңірлерде бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең еліміздің солтүстігінде, шығысында тұман болады деп болжанады.

"Елміздің оңтүстік-батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы, күндіз батыс өңірде шаңды дауыл болады", делінген синоптиктердің хабарламасында.

Сондай-ақ Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Қостанай, Қарағанды және Абай облыстарының оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан облысының шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты