Қазақстанда TikTok бұғаттала ма, министрлік не дейді

Сурет: Zakon.kz/Тамила Муратбек
Мәдениет және ақпарат Вице-министрі Қанат Ысқақов 6 маусымда сенатта TikTok-тың Қазақстандағы жұмысына тосқауыл қоятынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан TikTok әлеуметтік желісін бұғаттауды жоспарламайды. Дегенмен, кейбір шектеулер енгізілуі мүмкін.

"Қазіргі уақытта бұғаттау мәселесі күн тәртібінде жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген",-деді Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов.

Сонымен қатар, ол министрлік TikTok өкілдерімен орналастырылатын контент мәселелері бойынша үнемі жұмыс істейтінін атап өтті.

22 сәуірде Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров TikTok-та кәмелетке толмаған балаларға шектеулер енгізуді сұраған. Ол Премьер-министрге осы мәселені қамтитын депутаттық сауал жолдады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз