Алматы облысында тұрғын үйді жеңілдікпен алып беремін деп алдаған алаяқ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Осы жылдың 4 маусым күні Іле ауданының полиция басқармасына Боралдай кентінің 36 жастағы тұрғыны ақпан айында алаяқтың құрбаны болғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам тұрғын үйді жеңілдікпен алып беремін деп сеніміне кіріп алаяқтық жолмен үш миллион теңгеге жуық ақшаны иемденген.

Алаяқтық фактісі бойынша полиция қылмыстық істі тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел уәкілдер күдікті 23 жастағы жас жігітті анықтап, ұстаған.

Тергеу әрекеттері барысында ұсталған азаматтың тағы бір ұқсас алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Автокөлікті сату сылтауымен ол 27 жастағы Покровка ауылының тұрғынына қатысты заңсыз әрекеттер жасаған.

Қазіргі уақытта полиция күдіктіні басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде, тергеу жалғасуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды