Қазақстандықтардың Zaimer.kz-тегі деректерінің таралуы: ҚНРДА тарапынан не істелді

Сурет: pexels
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымындағы дербес деректерінің таралып кетуіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚНРДА басшысының орынбасары микроқаржы ұйымына қатысты қазақстандықтардың жеке деректерін таратқаны үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі тарапынан шаралар қабылданғанын еске салды. Сондай-ақ Zaimer.kz ұйымына 1,8 млн теңгеге айыппұл салынды.

"Реттеуші ретінде біз де осы микроқаржы ұйымына қатысты ықпал ету шараларын қабылдадық. Біз МҚҰ-ға қатысты жазбаша нұсқама қабылдадық. ЦДИАӨМ – мен бірлесіп кейіннен дербес деректердің таралуы қайталанбауы үшін шаралар қабылдайтын боламыз", - деді Олжас Қизатов.

2024 жылғы 11 наурызда цифрлық даму министрлігі қазақстандықтарға азаматтардың Zaimer.kz микроқаржы ұйымындағы дербес деректерінің таралуы туралы маңызды үндеу жасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы