Мектеп түлектеріне тамаша мүмкіндік: шекара офицері болу үшін Ресей мен Түркия оқу орындарына іріктеу басталды

Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметі
ҰҚК Шекара қызметі азаматтарды әскери қызметке шақырады. Бұл туралы Жетісу облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта мектеп түлектеріне шекарашы офицері болу үшін ҚР ҰҚК Шекара академиясына, сондай-ақ, Ресей Федерациясы мен Түрік Республикасының әскери оқу орындарына іріктеу жүзеге асырылуда.

"Оқуға түсу үшін қажетті құжаттарды қабылдау, медициналық куәландырудан өту, дене шынықтыру дайындығы деңгейін тексеру, кәсіби жарамдылығын тексеру, арнайы тексеруден өту жүргізіледі. Конкурстық іріктеудің қорытындылары бойынша кандидаттың рейтингі негізінде қабылдау комиссиясының шешімімен жүргізіледі",- деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің консультанты Әсет Базарбеков.

Сондай-ақ, оқу орындарда бірқатар жеңілдіктер мен мүмкіндіктер қарастырылған.

"Оқу орнын бітірген соң офицерлерге айсайынғы ақшалай төлемақы, қызмет өткеру кезеңінде қызметтік тұрғын-үймен немесе ҚР заңнамасына сәйкес тұрғын-үй төлемдерімен, Біріңғай ұлттық зейнетақы фонды міндетті түрде төлем ақысыз, жыл сайынға ақшамен өтемелі демалыспен, киім-кешек, тегін дәрігерлік қызмет секілді әлеуметтік жағдайлар қарастырылған".ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімінің бастығы Асқар Талғатов

Бұған дейін, 2024 жылы Шекара қызметіне қанша қазақстандық әскери оқуға жіберілетінін хабарлаған болатынбыз. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды