Абай облысында 7 адам уылдырық шашу кезеңінде балық аулағаны үшін жазаланды

Сурет: pixabay
Мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп уылдырық шашу кезеңінде заңсыз балық аулаудың жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Рейд барысында Қызыл Су өзенінің жағасында құжатсыз 105 кг балық тасымалдаған Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны анықталды.

Балық аулау ережелерін бұзған барлығы 7 адам анықталды, оның ішінде 5 адам ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігі бойынша (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жаза қолданумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігі бойынша (жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз сатып алу, өткізу, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) жауапкершілікке тарту үшін 2 адамға қатысты материалдар құқық бұзушылық жасалған жердегі соттарға жолданды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты