"Таза Қазақстан" акциясы: ақтөбеліктер сенбілікке шықты

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шара облыстың бүкіл ауданында және қаланың Орталық саябағындағы Тутұғыр аумағында, "Ғашықтар" аллеясында, Триатлон саябағының аумағында және тағы басқа орындарда өтті.

Сенбілікке өңір басшысы Асхат Шахаровпен бірге қала әкімі Азамат Бекет, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, "Жасыл ел" еңбек жасақтары атсалысты.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Асхат Шахаров жасылелдік сарбаздармен әңгімелесу барысында табиғатты аялау маңызды екенін, бұл жұмыстарға жастардың қосар үлесі зор екенін атап өтті. 70-тен аса жас "Ғашықтар аллеясындағы" тротуарларды сыпырып, қураған шөптерді жинады.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, облыс әкімі Триатлон саябағы аумағын қоқыстан тазартқан бір топ белсендінің қатарына қосылды. Жасыл желектер өсіп тұрған аумақ арамшөптерге, құрғақ шөптерге толып қалған. Бұл орынды 100-ге жуық адам тазалады.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бүгінгі  "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте 120 тоннадан аса қоқыс жиналды. Оның бәрін қалалық полигон тегін қабылдайды.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі


Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Тоқаев Digital Qazaqstan жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы жарлыққа қол қойды

10 маусымда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Қытай кинонарығы қазақстандық киноиндустрия үшін үлкен мүмкіндік