Оралда Lexus-тың мас жолаушысы полицейлерге шабуыл жасады

Сурет: Zakon.kz
8 маусым күні таңертең патрульдік полиция Ихсанов көшесінде Lexus автокөлігін тоқтатады. Автокөлік жүргізушісі мен оның жолаушысы екеуі де мас күйінде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушіні медициналық мекемеге жеткізбек болған тәртіп сақшыларына көліктегі жолаушы кедергі келтіріп, бағынбаған. Сараптама нәтижесі бойынша Lexus жүргізушісі орта дәрежелі мас күйде болғаны анықталды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Материалдар тиісті шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Полиция қызметкерлеріне бағынбағаны үшін жолаушыға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз