ҚР СІМ: Германия полициясы жоғалған Қазақстандықты іздеуде

Сурет: Zakon.kz/Елисеева Екатерина
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 10 маусымда өткен брифингте Германияда жоғалып кеткен қазақстандықты іздеудің қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикердің мәліметінше, 2024 жылғы 5 маусымда Қазақстанның Франкфурттегі Бас консулдығына қазақстандықтар 3 маусымда қызының жоғалып кетуіне байланысты жүгінген.

"Бас консулдық бұл үндеуді ерекше бақылауға алды. Біздің дипломаттар дереу жергілікті полицияға жүгінді және олар іздестіру шараларын бастады", – деді Смадияров.

Сондай-ақ, ҚР СІМ ресми өкілі қазір неміс тарапымен бірлесіп Қазақстандағы туыстарына виза алу мәселесі пысықталып жатқанын айтты. Сондай-ақ, Қазақстан консулы әйелдің туыстарымен тұрақты байланыста.

Әңгіме бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаева туралы болып отыр. Бұған дейін оның ағасы Германияда әпкесінің жоғалып кеткенін айтқан болатын. Қанат Сайлыбаевтың айтуынша, ол соңғы бірнеше күнде байланысқа шығуды тоқтатқан.

Германия
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін