Оңтүстік Кореяның үш университеті Қазақстаннан өз филиалдарын ашпақ ниетте

Сурет: Zakon.kz/Мадина Мамырханова
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылғы 12 маусымда Астанада өткен Қазақстан-Корея бизнес форумы аясында Оңтүстік Кореяның үш университеті Қазақстаннан өз филиалдарын ашпақшы екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Саясат Нұрбек Оңтүстік Корея президентінің Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша төрт құжатқа қол қойылғанын атап өтті. Бұл арада қос елдің бейінді министрліктері арасындағы ғылыми зерттеулер мен ғылым саласындағы ынтымақтастықты күшейту туралы келісімі туралы сөз болып отыр. 

"Бұл біздің ғалымдарымыздың Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарында, зертханаларында және ғылыми кешендерінде тағылымдамадан өтетінін білдіреді. Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетімен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің базасында жасанды интеллект және киберқауіпсіздік мектебін ашу туралы келісімге қол қойылды. Биылғы жылы жасанды интеллект бойынша алғашқы бағдарлама іске қосылады", - деді ол.

Сондай-ақ, Wossong жеке университеті Түркістан қаласында филиал ашады. Осындай келісімге қол қойылды. Оның IT университет екені де нақтыланады.

"Оңтүстік Кореяның ең мықты KAIST зерттеу университеті Қазақстанда өз филиалын ашады. Осындай да келісімге қол қойылды. Мен тамыз айында жаңа келісімге қол қою үшін Оңтүстік Кореяға барамын, міне сол кезде оның орынын анықтайтын боламыз. Алдын ала айта кетсем, бұл бүгін Президенттер сөз еткен Алатау сити немесе Қонаевтағы кампус болады, мұны әлі де анықтау керек", - деп сөзін түйіндеді Саясат Нұрбек.

Бұл ЖОО-да тек инженерлік-техникалық бағыттар бойынша докторанттар мен магистранттар даярланбақшы. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты