Алматы: Алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер Zakon.kz сайтына алдағы жеті күнге алдын ала жасалған ауа райы болжамын ұсынды. "Қазгидромет" РМК деректеріне сәйкес, Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ қатты жел тұрады деп күтіледі. Ал кейбір күндері күн ашық әрі ыстық болады.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалдарының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, 2024 жылғы 15-21 маусым аралығында Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпін алады, ауа райы құбылмалы болады. Келесі аптаның ортасында күндіз күн күркіреп, найзағай жарқылдап, қатты жел тұрады деп болжанады. Бұл жағдайда ауа температурасы төмендейді.

15 маусым: аспан бұлтты, күндіз аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 15 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+16°С, күндіз: +26...+28°С.

16 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде: +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.

17 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +30...+32°С.

18 маусым: аспан бұлтты, күндіз аракідік жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +19...+21°С, күндіз: +31...+ 33°С.

19 маусым: аспан бұлтты, күндіз қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Оңтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Ауа температурасы түнде: +18...+20°С, күндіз: +27...+29°С.

20 маусым: аспан бұлтты, түнде аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні - 3-8 м/с, найзағай кезіндегі екпіні - 13 м/с. Ауа температурасы түнде: +14...+16°С, күндіз: +25...+27°С.

21 маусым: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы: +14...+16°С, күндіз: +26...+28°С.

Бұған дейін синоптиктер демалыс күндері Қазақстанныңбасым бөлігінде аптап ыстық болатынын болжаған. 

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі