Мұхтар Әуезовтің ұлы Мұрат Әуезов дүниеден озды

Сурет: Facebook/Мурат Ауэзов
Қоғам қайраткері, белгілі шығыстанушы, түркітанушы, мәдениеттанушы, эссеист, дипломат және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Әуезов дүниеден озды. Ол атақты жазушы, қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтің артында қалған тұяғы еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Zakon.kz сайтына Алматы қаласының әкімдігі растады.

Мұрат Әуезов 1943 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы, Меркі ауылында дүниеге келген. Ол қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, қазақтың тұңғыш "Абай жолы" роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің баласы.

1965 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын филолог-шығыстанушы мамандығы бойынша бітірді.

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елді өзгертуге белсене қатысты. Әуезов "Невада-Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының вице-президенті (1989-1990) болды.

Парламент депутаты болып, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш елшісі қызмет атқарды.

Мұрат Әуезов 2007 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді.


Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Сәтбаевта қыз баланы екі бірдей көлік қағып, мерт қылды

Александр Бублик тағы бір сенсация жасап, Германиядағы турнирдің жартылай финалына шықты

Таразда алапат өрт болды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел

Арман Шаққалиев сауда және интеграция министрі болып тағайындалды