Дирижер, Қазақстанның халық әртісі Шамғон Қажығалиевтің туғанына 97 жыл толды

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Бүгін дирижер, Қазақстанның халық әртісі, профессор Шамғон Қажығалиевтің туғанына — 97 жыл, деп хабарлайды Zakon.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шамғон Сағаддинұлы қазақ халық аспаптар оркестрінде домбырашы, жетекші домбырашы, кейін дирижер қызметін атқарды.

Дирижер оркестр музыканттарының ансамбльдік орындаушылық мәдениетін көтеріп, кәсіби шеберлігін шыңдай түсті. Оркестр құрамындағы халық музыка аспаптарын жаңалап, олардың дыбыс бояуын байытып, жетілдіруге ықпал етті.

Тәжірибелі ұстаз оншақты әдістемелік бағдарлама мен оқу құралының репертуарын жасады. Шамғон Қажығалиев халық аспаптар оркестрі үшін 200-ден астам қазақ, орыс, шетел сазгерлерінің туындысын өңдеп, Ахмет Жұбановтың шығармашылық мұрасынан 20 күйдің партитураларын жазды.

Шамғон Сағаддинұлының дирижерлік өнері мен шығармашылығы халық назарында болды. Оның ерен еңбегі мемлекеттік жоғары наградалармен марапатталды. Ол "Парасат", "Отан" ордендерінің иегері атанды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді